Кешкі жаңалықтар 19.07.2021
Бизнес және экономика 19.07.2021
Барлық салалар бойынша өсім бар. Өңірдің 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы – соған дәлел. Қуантарлық нәтижеге облыс инвестиция тарту бойынша қол жеткізді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға өсіп, 139 млрд теңгені құрады.
МТРА жаңалықтары 19.07.2021
Алғашқы 5 айдың ішінде – 191 млн АҚШ доллары. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы алыс-берісінің көлемі. Оның ішінде импорттың үлесі көп – 158 млн.
Аптадағы маңызды жаңалықтар 19.07.2021
Аралағаш ауылында алдағы уақытта жылына 5 мың тонна тауық еті өндірілетін болады. Аққайың ауданында құс фабрикасы салынып жатыр. 3 млн қанаттыға арналған кәсіпорын жұмысын биыл күзде бастауы тиіс. Толық қуатқа көшуі 2023 жылға жоспарланып...
COVID-19: Қазақстан 19.07.2021
СҚО-да өткен тәулікте 91 адам коронавирусқа шалдықты. 80-нен астамында дерттің белгілері анық байқалады. Науқастардың басым бөлігі – петропавлдықтар.
ТЖД 19.07.2021
Өңірде өрт тыйылмай тұр. Әсіресе, алқапты және орманды жерлердің жануы жиілеп барады. Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы тілсіз жау жалпы аумағы 34 гектардан астам орман мен 400 гектардан астам егістікті шарпыған.
Қоғам 19.07.2021
Өткен жылы электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына 5 млн-ға жуық қазақстандық жүгінген.
Білім 19.07.2021
Есіл ауданына қарасты Покровка орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Күзге дейін нысанның 150-ге жуық есік-терезесі ауыстырылады. Бұл мақсатқа “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында 70 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Құрылыс 19.07.2021
Қалада құрылыс қызу жүруде. Қазіргі таңда Береке ықшам ауданының өзінде көпқабатты 6 үй тұрғызылуда. Баспаналардың әрқайсысы 100 пәтерлі болмақ. Нысандардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Спорт 19.07.2021
Теріскейлік велошабандоз Алексей Луценко “Тур де Франс” велокөпкүндігінде үздік ондыққа ілінді. Бұндай нәтижені қазақстандық спортшылар осыдан 16 жыл бұрын тіркеген екен.