МТРА жаңалықтары

ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі

Алғашқы 5 айдың ішінде – 191 млн АҚШ доллары. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы алыс-берісінің көлемі. Оның ішінде импорттың үлесі көп – 158 млн. Ал экспорт бар-жоғы 33 млн долларды құрайды. Құны 32 млн доллар болатын тауар іргелес жатқан Ресейдің нарығына жөнелтіледі. Ал көршілерден келетін өнім 153 млн долларға бағаланады екен. Тауар айналымы бойынша екінші орында Беларусь елі тұр. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5 млн долларға жуықтайды. Үшінші және төртінші сатыда -Қырғызстан мен Армения.

Эльмира Садвокасова