COVID-19: Қазақстан

СҚО-да бір тәулікте 91 адам коронавирусқа шалдықты

СҚО-да өткен тәулікте 91 адам коронавирусқа шалдықты. 80-нен астамында дерттің белгілері анық байқалады. Науқастардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Облыс орталығында тәж вирусын 54 адам жұқтырып алған. Өткен тәулікте жазылып шыққандардың саны – 92. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы -шілденің 13-інен бері “қызыл” аймақта. Эпидахуал, әзірге, тұрақсыз.

Мамандардың айтуынша күннен-күнге ушығуда. Бұл ретте елдегі жағдайға да тоқтала кетейік. Бір тәулікте 5 мың 300-ден астам қазақстандық коронавирус індетіне шалдыққан. Басым бөлігі – елордалықтар. Нұр-Сұлтан қаласында ковид-19 1300-ден астам адамның бойынан анықталған. Елімізде пандемия басталғалы коронавирустан 5 мыңға жуық адам көз жұмды. Бүгінде Қазақстаннның 3 облысы ғана – “сары” аймақта. Олар – Жамбыл, Түркістан мен Шығыс Қазақстан өңірлері. Қалған аймақтар – “қызыл” зонада.

Дана Ешкенова