Құрылыс

Қалада құрылыс қызу жүруде

“Береке” шағын ауданында бой көтеріп жатқан 6 үйдің бірін “Зерттеу СК” серіктестігі тұрғызып жатыр. Құрылысты мамыр айында бастаған екен. Қазіргі таңда мамандардың бірі үйдің іргетасын қалап жатса, ізінше келесілері үйдің қабырғасын көтері жатыр. Мердігер серіктестіктің жұмысшысы Берік Тұрлыбековтың айтуынша іргетас қалауда асқан қырағылық керек. Себебі, салынған үйдің берік әрі жылы болуы іргетасқа тікелей байланысты екен.

Берік Тұрлыбековтің аталған салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ал “Зерттеу СК” серіктестігіне жақында ғана келген екен.

Берік Тұрлыбеков, “Зерттеу СК” ЖШС жұмысшысы:

– Негізі, жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Үйдің іргетасын 1-2 аптада құйып бітіреміз. Кейін қабырғаларды көтеруге қарқын қосамыз.

Құрылыс алаңында 20-ға тарта адам еңбек етіп жатыр. 3 айдың ішінде жұмыстың 20% тындырылған.

Есенгелді Кокушев, “Зерттеу СК” ЖШС инженер-құрылысшысы:

– Бұл үй 100 пәтерлі. Жалпы ауданы 1882 шаршы метрді құрайды. 7 подъезд болады. Қазіргі таңда сол алғашқы подъездердің қабырғасы көтеріліп жатыр. Құрылыс барысында отандық материалдар қолданылуда.

Жоспар бойынша бұл үй жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс.

Алдияр Айтпаев