Қоғам

Бұлтты ЭЦҚ қолданысқа енгізіледі

Өткен жылы электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына 5 млн-ға жуық қазақстандық жүгінген. Бұл келіп түскен өтініштердің 30%-ын құрайды. Қазір елімізде бұлтты электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізу жоспарланып отыр. Бұл жоба оны алу процесін айтарлықтай жеңілдетпек. Айта кету қажет, жыл басынан бері мемлекеттік корпорация 800 мыңнан астам қызмет түрін көрсеткен. Оның 563 мыңы – тікелей мамандардың көмегімен, ал 100 мыңнан астамы электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылыпты.

Алдияр Айтпаев