Бизнес және экономика

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Барлық салалар бойынша өсім бар. Өңірдің 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы – соған дәлел. Қуантарлық нәтижеге облыс инвестиция тарту бойынша қол жеткізді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға өсіп, 139 млрд теңгені құрады. Қаражат құю бойынша ауыл шаруашылығы секторы – алдыңғы қатарда.

Солтүстікқазақстандық аграрийлер қаңтар айынан бері 89 млрд теңгенің өнімін шығарыпты. Өнеркәсіпте де алға жылжу бар. Жергілікті кәсіпорындар жарты жылдың ішінде 166 млрд теңгенің тауарын өндірген. Құрылыс саласының дамуы 5 пайызды құрап отыр. 505 ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның басым бөлігі – тұрғын үй. Шілде айына дейін 83 мың шаршы метр баспана қолданысқа енгізілді.

Эльмира Садвокасова