Спорт

Алексей Луценко үздік он спортшының қатарында

Теріскейлік велошабандоз Алексей Луценко “Тур де Франс” велокөпкүндігінде үздік ондыққа ілінді. Бұндай нәтижені қазақстандық спортшылар осыдан 16 жыл бұрын тіркеген екен.

Аталған дода шілденің 18-і күні аяқталды. Жалпы есепте 1-ші және 2-ші орынға – белгиялық спортшылар, ал 3-ші орынға британдық спортшы қол жеткізді. Ал теріскейлік саңлақ 7-ші орынға табан тіреген екен. Алдағы уақытта жерлесіміз ел намысын Токиода өтетін Олимпиада ойындарында қорғайды. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 23-ші шілде күні бастау алады.

Алдияр Айтпаев