Кешкі жаңалықтар 9.06.2021
Ауыл шаруашылығы, Билік, ТКШ 9.06.2021
600 ірі қараға арналған сүт-тауарлық ферма мен 2 мың басқа арналған асылтұқымды қой кешені. Биыл Жамбыл ауданында 4 бірдей ірі инвестициялық жоба іске асырылады.
Ауыл шаруашылығы 9.06.2021
Оңтүстіктен көшіп келіп, өңірде өз ісін бастаған отбасы. Юлдашевтар жанұясы осыдан 10 жыл бұрын шырайлы Шымкенттен Қызылжар ауданына қоныс аударған. Бүгінде Пеньково селосында кәсіппен айналысады.
Аптадағы маңызды жаңалықтар 9.06.2021
Мал бар, оны бағатын жер жоқ. Жайылымның жоқтығы Қызылжар ауданына қарасты Березовка селосы тұрғындарының уайымына айналды. Бүгінде елді мекенде 150-ге жуық үй бар. Көпшілігі қаладан ауыл шаруашылығымен айналысу үшін арнайы көшіп келіпті.
Қоғам, Құқық қорғау органдары 9.06.2021
Есіл ауданында 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Покровка селосында тұратын туысына қонаққа барған қыз кеше түс кезінде Есіл өзенінде шомылған. Қасында өзімен тетелес ағасы да болған.Кішкентай қызды асау толқын алып кеткен. Бұл туралы...
Денсаулық сақтау 9.06.2021
Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, індетпен күресу үшін облыс тұрғындарының 60 пайызы вакциналануы қажет. Бүгінге дейін 43 мыңнан астам солтүстікқазақстандық иммундау шарасының толық курсынан өткен.
Мамлютка қаласында 30 пәтерлік 2 қабатты үй салынып жатыр. Құрылысқа елордалық мердігер жауапты
Қоғам, Ауыл шаруашылығы 9.06.2021
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ормандарға отырғызылатын көшеттер санын арттыруды тапсырды. Міндетті орындау мақсатында биыл көктемде өңірдегі тоғайларға 1 млн 900 мың қайың мен қарағай егілді. Күзде шаруа жалғасын тауып, тағы 880 мың...
Қолына диплом алып, маман атанады. Биыл жергілікті университетті 1840 студент тәмамдамақ. Оның 230-дан астамы – “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастар.
Спорт 9.06.2021
“Qulager” хоккей клубының бас жаттықтырушысы ауысты. Енді жергілікті имек таяқ шеберлерін Александр Белявский баптамақ. Бұған дейін беларустық маман ресейлік команданы жаттықтырған болатын. 57 жастағы азаматтың тәжірибесі мол. Ол...
Әр түрлі 9.06.2021
Үйінде заңсыз қару сақтаған. Ғ.Мүсірепов ауданында 42 жастағы ер адамнан 2 бірдей мылтық пен көздеуіші бар винтовка тәркіленіп алынды.