ҚоғамҚұрылыс

Мамлютка қаласында 30 пәтерлік үй салынып жатыр

 

Құрылыста қолданып жатқан материалдың барлығы – отандық. Дені Павлодар қаласынан жеткізіліпті. Шаруаның атқарылуына 18 қызметкер жауапты.

Алтынай Қазиқан – тілші:

-Мамлютка қаласында салынып жатқан үйдің құрылысы сәуір айында басталыпты. Мердігерлер істі желтоқсанда бітіруді жоспарлап отыр. Баспана мұғалімдер, дәрігерлер мен көпбалалы аналарға және жетім балаларға берілетін болады.

Тұрғын үй 30 пәтерлі. Бүгінде бетон құйылып, нысанның іргетасы қаланып жатыр. Кейін іске жауапты елордалық мамандар қабырғасын көтеруге кіріседі. Мамлютка қаласының әкімі Серік Бәкеевтің айтуынша, барлық жұмыс кесте бойынша жүргізілуде. Шаруа белгіленген уақытқа дейін аяқталып қалады.

Серік Бәкеев – Мамлютка қаласының әкімі:

-Бөлінген қаражат 375 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта дайындық жүріп жатыр. 2 күннен кейін бетонное перекрытиелері – бәрі бітеді.

Құрылыс жұмыстарының жанынан тозығы жеткен қос қабатты 4 бірдей нысанды көруге болады. Олар өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары салынған екен. Орталықтандырылған жылыту жүйесі болмағандықтан, тұрғындар көшіп кеткен. Биыл бұл баспаналар жөндеу көріп, халық игілігіне тапсырылмақ.

Серік Бәкеев – Мамлютка қаласының әкімі:

-Қазіргі уақытта үйлерге орталық жылыту жүйесі келгендіктен, тұрғындар құжаттарын қайта реттеуде. Ескі үйлерді қалпына келтіреміз деп жатырмыз. Кезінде КСК деп аталған, қазір ОСИ дейді олар бәрін қалпына келтіріп, юстицияға тіркеп, жергілікті бюджеттен ақша бөліп, құрылыстарына көмектесеміз.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алтынай Казиканова