Құқық қорғау органдарыҚоғам

СҚО-да 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

 


Есіл ауданында 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Покровка селосында тұратын туысына қонаққа барған қыз кеше түс кезінде Есіл өзенінде шомылған. Қасында өзімен тетелес ағасы да болған.Кішкентай қызды асау толқын алып кеткен. Бұл туралы учаскелік инспекторға қыздың әжесі хабарлайды. Жедел түрде құтқарушылар, сүңгуірлер мен еріктілерден тұратын топ құрылып, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеткіншек түні бойы іздестірілгенімен әлі табылар емес. Іздеу шарасына 19 адам, 5 техника мен 2 жүзу құралы жұмылдырылған.

Байболат Култанов