Материалы за 7 February 2019

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Киров атындағы зауытта болды

Аптадағы маңызды жаңалықтар   7.02.2019

Өңірімізге іссапармен Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты келді. Олар қаламыздағы Киров атындағы зауытта болды. Өндіріс ошағында халық қалаулылары цехтарды аралады, мамандардың жұмысымен танысып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.


Статистикалық деректер

МТРА жаңалықтары   7.02.2019

Статистикалық мәліметтерге де кезек берсек. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі облыс бойынша 0,4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының құны 1 пайызға артқан.


Жыл басынан бері облыс аумағында 35 өрт оқиғасы тіркелген

ТЖД   7.02.2019

Сейсенбі күні Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде тұрғын үйден өрт шықты. Салдарынан 47 жастағы баспана иесі қаза тапты.


Соңғы 2 күнде 5 қала тұрғыны үсініп, ауруханаға түскен

Денсаулық сақтау   7.02.2019

Аяздың салдары! Апта басынан бері теріскей аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, жерлестерімізді әбден әбігерге салуда. Соңғы екі күнде 5 қала тұрғынын үсік шалып, ауруханаға түскен.


Тәртіп сақшылары екі адамның өмірін құтқарған

Құқық қорғау органдары   7.02.2019

Өңірде сарышұнақ аяз басталғалы бері тәртіп сақшылары рейд шараларын күшейткен. Олар жалғызбасты қариялар мен көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, көмек қолын созуда. Осындай шаралардың барысында полиция қызметкерлері екі бірдей...


Өңірдің медицина саласының дамуы талқыланды

Денсаулық сақтау   7.02.2019

Өткен жылы өңірде 1 ана өлімі тіркелген. Сәбилердің шетінеп кетуі 26,4 пайызға артыпты. Онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны 3,7 пайызға өскен.


СҚО-да 26 адамның қызылша дертіне шалдыққаны анықталды

Денсаулық сақтау   7.02.2019

Жыл басынан бері 52 солтүстікқазақстандық қызылша дертіне шалдықты деген күдікпен дәрігердің қарауына жүгінген.


№3 қалалық емханада электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді

Денсаулық сақтау   7.02.2019

Бүгінде өңірдегі 2 емдеу мекемесінде электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Бұл жаңашылдық М.Жұмабаев ауданында жарты жыл бұрын қолға алынса, Петропавлдағы 3-ші емханада биыл ғана іске қосылыпты.


Шал ақын ауданында Ботай мәдениеті туралы көрме қанат жайды

Халық тарих толқынында   7.02.2019

Жылқы төлі тұңғыш рет қолға үйретілген мекен. Әйгілі Ботай тұрағы туралы мол деректер ауылдағы ағайын үшін қолжетімдірек бола түсті. Облыстық музей бірлестігі “Халық қазынасы” атты акция ұйымдастырып, “Ботай – ата бабалар...


«Құлагер» ХК дайындығын пысықтауда

Спорт   7.02.2019

Турнирлік кестенің 3-сатысынан 7-ші орынға бір-ақ түскен. Соңғы кездесулерінде жақсы ойын өрнегін көрсете алмаған «Құлагер» құрамасы қазір мектептегі сияқты қатемен жұмыс жасап, дайындықтарын пысықтауда. Жалпы, командадағы сәтсіздіктерді...