Денсаулық сақтау

СҚО-да 26 адамның қызылша дертіне шалдыққаны анықталды

Жыл басынан бері 52 солтүстікқазақстандық қызылша дертіне шалдықты деген күдікпен дәрігердің қарауына жүгінген.

Оның 26-сының сырқаттанғаны анықталып отыр. Бұл жандардың 17-сі – 14 жасқа толмаған балалар болса, қалғаны – ересек адамдар. Айта кетейік, науқастанғандардың барлығы түрлі себептермен инфекцияға қарсы екпе алмапты. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жерлестеріміз вирусты сол себепті жұқтырып алды деп отыр. Қазіргі таңда өңірде қызылшаға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. Жақында өлкеге еліміздің өзге аймағынан вакцина әкелінген.

Күлпаш Таласбаева – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:

– Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге Батыс Қазақстаннан 1500 доза вакцина әкелінді. Бүгінде қызылшаға қарсы дәрінің барлығы аймақтағы емдеу мекемелеріне таратылды. Енді, екпе бұрын-соңды иммундалмаған адамдарға салынады. Препаратты 1 мен 30 жас аралығындағы тұрғындарға егу жоспарланып отыр. Айта кетейік, былтыр бұл уақытта тек 1 ғана тұрғынның жұқпалы дертке шылдыққандығы анықталған болатын.

Эльмира Садвокасова