Бизнес және экономика | МТРК

Бизнес және экономика

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалында шеберлік сағаты өткізілді

Бизнес және экономика   5.08.2019

Бастапқы жарнаны жинап, ипотеканы қалай тез рәсімдеуге болады? Баспананы қандай бағдарламамен алған тиімдірек? Осы және өзге де сұрақтарға петропавлдықтар сенбі күні жауап ала алды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өңірлік филиалы бұқараға арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды. Мамандар азаматтарға түрлі пайдалы кеңестер берді.

 
Мемлекеттік тапсырыс алу үшін индустриалдық сертификат қажет

Бизнес және экономика   29.06.2019

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жүргізу ережелеріне өзгерістер енгізді. Шілденің 1-інен бастап жиһаз және жеңіл өнеркәсіппен айналысатын өндіріс ошақтары индустриалдық сертификаты болған жағдайда ғана мемлекеттік тапсырыс ала алады.

 
“Рухани жаңғыру” бағдарламасының іске асырылуы

Бизнес және экономика   27.06.2019

“Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру”. Елбасы Н.Назарбаевтың мақалалық бағдарламасы 2017 жылдан бері мемлекеттің түкпір-түкпірінде сәтті жүзеге асырылуда.

 
Кәсіпкерлік саласындағы мәселелер

Бизнес және экономика   26.06.2019

Өткен жылы 83 солтүстікқазақстандық шаруаға субсидия берілмепті. Мұндай жағдай биыл да тіркелді. Шал ақын ауданындағы іскер жандардың біріне бақандай 23 млн теңге көлеміндегі тиісті қаржы рәсімделмеген. Бұл мәселе бүгін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұйымдастырылған кеңесте қаралды.

 
Мемлекеттік бағдарламаның 3-ші кезеңі

Бизнес және экономика   26.06.2019

Келер жылы елімізде “Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының” 3-ші кезеңі бастау алады. Қолға алынғалы отырған жанашылдық аясында экспортқа көп көңіл бөлінбекші. Тағы, кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік ақшаның тиімді игерілуі де қатаң бақыланатын болады.

 
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр

Бизнес және экономика   26.06.2019

Ауылдағы ауқымды жұмыс! Қызылжар ауданының тұрғыны Жанат Ғаббасов “Игілік” бағдарламасы аясында 4 млн теңге несие рәсімдепті. Мемлекеттен ақшаны 6 пайыз мөлшерлемемен 5 жылға алған. Кәсіпкер қаржыны құс шаруашылығымен айналысуға бағыттапты.

 
4 айда СҚО мен ЕАЭО елдері арасындағы алыс-беріс 98,4 млн долларды құрады

Бизнес және экономика   21.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы алыс-беріс қаңтар мен сәуір айлары аралығында 98 жарым млн АҚШ долларын құрады. Мұндай мәліметті өңір статистиктері беріп отыр.

 
Тұрғындар табыстарын қалай жаратқан?

Бизнес және экономика   21.06.2019

2019 жылдың алғашқы үш айында әр солтүстікқазақстандық орташа есеппен 165 126 теңге жұмсаған.

 
«Business Lady Qazaqstan» жобасы

Бизнес және экономика   19.06.2019

Сұлу, іскер, тапқыр қыз-келіншектер. «Business Lady Qazaqstan» жобасы теріскейге қайта оралды. Тамыздың 2-сі Петропавл қаласында республикалық байқаудың жергілікті кезеңі ұйымдастырылмақ. Әзірге, сайысқа қатысуға өтініштерді қабылдау бастау алды.

 
Елімізде “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы іске қосылды

Бизнес және экономика   6.06.2019

Елімізде бизнесмендерге арналған жаңа бағдарлама іске қосылды. Ол “Қарапайым заттар экономикасы” деп аталады. Жоба аясында халықтық тұтыну тауарларын өндіретін кәсіпорындардың ісін ілгерілету үшін несие алу мүмкіндігі бар. Ал мемлекет оларға бірқатар жеңілдіктер ұсынады. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа бағдарлама бойынша алғашқы займ берілді.