Бизнес және экономика

Банктер шағын бизнеске 4,5 трлн теңгеден астам несие берді

Бизнесті қолдау аясы кеңеюде. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша биыл елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 4,53 трлн теңгеге кредит беріліпті.

Ал 1-ші ақпандағы бұл жағдаймен салыстырар болсақ, көрсеткіш 26,5 пайызға немесе 1 трлн теңгеге өскен. Қарыздардың 3,74 трлн теңгесі – заңды тұлғаларға, ал жеке тұлғаларға 785,2 млрд теңге берілді. Несие нұр-сұлтандықтарға, Алматы мен Шымкент қаласының іскерлеріне көп берілген. Қаржы негізінен сауда және өнеркәсіп саласына бағытталған.

Бердимурат Баймухан