Бизнес және экономика

Елдегі көтерме сауда көрсеткіштері артты

Өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында елдегі көтерме сауда көлемі 31 трлн теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9%-ға көп. Көтерме сауданың үлес салмағы өткен жылғы қаңтар-қараша аралығындағы ішкі сауданың жалпы көлемінің 69,1%-ын құрады. Секторда азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар басымдыққа ие болды.