Құқық қорғау органдарыБизнес және экономика

Бірыңғай есеп күні

Бүгін облыстық әкімдікте бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп күні өтті. Жиын барысында мемлекеттік орган өкілдері жыл бойы жүргізген тексеріс пен оның нәтижелерін ортаға шығарды. Мәселен, ағымдағы жылы бизнес субъектілерін қорғау мақсатында 54 қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесінде бизнеске қатысты 9 заңсыз тексеру анықталып, 32 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖАСЛАН СМАҒҰЛОВ, СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы:
– Облыс аумағында арнайы мобильді топ жұмыс істейді. Ол бизнестің жүйелік мәселелерін талдайды. Өткен кезеңде мобильді топқа 94 хабарлама келіп түсті, оның 6-уы ғана расталды.

Келесі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басқармасының басшысы Дамир Хабибулин есеп берді. Сөзінше, соңғы 8 айда шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың 3 фактісі анықталған.

ДАМИР ХАБИБУЛИН, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:
– «КоммунСтройСервис» серіктестігінің басшысынан 100 мың теңге көлемінде пара сұраған көліктік бақылау инспекциясының екі маманы жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдың 8-ші сәуірінде Петропавл қалалық сотының үкімімен екеуі 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сөз соңында Дамир Хабибулин Президенттің бойынша агенттікте кәсіпкерлік субъектілерін қорғау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Самал Жунусова