ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:
Бүгін мемлекеттік қызметкерлер әдеттегідей кабинетте отырып емес, азаматтарды ашық аспан астында қабылдады. Келген тұрғындардың қатары қалың. Бірі жұмыс жайлы білгісі келсе, бірін коммуналдық қызмет мәселелері толғандырады. Ал Жанна Бекболатова танысының сауалын шешуге келді.
ЖАННА БЕКБОЛАТОВА, қала тұрғыны:
– Бүгін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне танысымның мәселесін шешуге келдім. Оның үйінің маңындағы жолға шлагбаум қойылған. Бұған дейін Назарбаев көшесіне сол арқылы емін-еркін шығатын еді. Қазір ол жабық болғандықтан, Қизатов көшесі арқылы айналып өтуге тура келеді. Бұл тұрғындарға біраз қолайсыздық тудырып отыр. Сондықтан, шлагбаумның қандай негізде қойылғанын және оны пайдалану тәртібі қандай екенін білгім келеді. Мамандар өтінішімізді тіркеп, 15 күн ішінде жауап берілетінін айтты”.
Іс-шараны қалалық әкімдік пен мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары өткізіп отыр. Бұл жәрмеңке айына бір рет ұйымдастырылады екен.
БОЛАТ ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР МҚІА СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы:
– “Бүгін ең көп мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер түсіндірме береді. Олар: жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің және ХҚКО-ның қызметкерлері”.
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі барысында орта есеппен 70-ке жуық өтініш келіп түседі екен. Мамандар барлық мәселелерді қарастырып, оларды шешуге тырысады. Кейін тұрғындарға нақты жауабын береді.
Улан Ыдырыс