Қоғам

Ұялы байланыс құралын сатып аларда ескеретін талаптар

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл бастама ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары айналымының заңдылығын қамтамасыз етуге, сатушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жаңашылдыққа сүйенсек, төлем жасалғанға дейін сатып алушы сатушыдан құрылғының сәйкестендіру кодын – IMEI-кодын талап етуге құқылы. Осы арқылы заман игілігін тексеруге мүмкіндік бар. Ескерер жайт, тұрғындар бұл талапты интернет немесе маркетплейс арқылы сауда жасау кезінде де ұстана алады.

ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
– “Заң тағы бір маңызды талапты белгілейді. Сатушы сатқанға дейін құрылғыға қатысты шектеулердің, бұғаттаулардың бар-жоғын тексеруі тиіс. Бұл заңсыз тауарлардың сатылмауы үшін маңызды саналады”.

Байболат Култанов