Қоғам

Дәрігер қабылдауына талонды онлайн алуға болады

ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА – тілші:

– Биылғы жыл “Цифрландыру жылы” болып табылады. Еліміздегі медицина саласы да жаңашылдықтардан қалып жатқан жоқ. Енді емханаға кезекке тұру үшін үйден шықпай, талонды онлайн ала аласыздар. Мұндай цифраландырылған модульді №2 қалалық емхана енгізді.

Электрондық модульді қазақстандық IT-мамандар әзірлеген. Жаңа қызметке қол жеткізу үшін “Damumed” қосымшасы қолданылады. Ол телефонға жүктеледі және кез келген адам оп-оңай пайдасына асырады. Яғни, бұрынғыдай ерте келіп, кезекке тұрудың керегі жоқ.

НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, №2 қалалық емхананың директоры:
– Емханаға келушілер екпе егуге арналған кабинет, ЭКГ, флюрография, рентген жасау үшін ерте келіп, талон алып, кезекте тұратын. Енді талонды онлайн алуға болады”, 01:33-02:00 “Бұл бағдарламаны бір ай тексердік. Соңғы күндері оны толығымен енгізіп, емханаға келушілерге әлеуметтік желілер арқылы жарияладық.

Әзірге мұндай платформа №2 қалалық емхананың 3 филиалында ғана бар. Алдағы уақытта облыстағы барлық емханаға енгізу жоспарлануда. Жүйе процедуралық және диагностикалық кабинеттерге ғана қолданылады. Талонды алу үшін келесі қадамдарды орындауыңыз қажет.

ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА – тілші:

– Алдымен “Damumed” қосымшасын жүктеп тіркелесіз. Сосын “Менің емханам” бөлімін ашып, “Онлайн кезек” арқылы керекті процедураны таңдайсыз да кезекке тұрасыз. Міне, электронды талоныңыз дайын!

Қала тұрғындарынан бұл бастама жайлы пікірлерін білдік. Мамандардың айтуынша, қағазбастылықты жойып, электронды форматқа көшу медицина қызметкерлерінің де жұмысын жеңілдетеді. Алдағы уақытта бұл цифрлық платформаға басқа да қызмет түрлері қосылып, жүйені одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр.

Жаннур Бектурганова