Kurultai banner mobile

Қоғам

ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңына енгізілген өзгерістер

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

— “Мемлекеттік қызметшінің сапасы бүкіл еліміздің сапасы деп айтуға болады. Мемлекеттік қызмет – бұл жоғары лауазымға ие болу емес. Мәселе – мансапта емес. Бастысы мемлекетімізге және халқымызға адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметші болу – антқа адал болу деген сөз.

Ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап ҚР-ның жаңартылған Конституциясының нормалары күшіне енді. Әділетті Қазақстан қалыптастыруға бағытталған конституциялық реформаларды іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы мамыр айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Аталған өзгерістердің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырып, сервистік қағидатты, азаматтық бағдарланған тәсілді және цифрландыруды дамыту.

ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

— Мемлекетке жас мамандарды тарту аясында бүгінгі күні мемлекеттік қызметке дайындау мәселелері бойынша институты енгізіледі. Ол жаңа Заңда көрсетілген. Сондай-ақ, қызмет атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілерге “көлденең жылжу” деген көзделген. Мемлекеттік қызметшілердің деңгейіне байланысты олардың жалақылары белгіленетін болады.

Мемлекеттік қызметке іріктеу енді “E-qyzmet” ақпараттық жүйесі арқылы толық цифрлық форматта жүргізіледі. Онлайн іріктеу рәсімі мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық азаматқа тең мүмкіндік береді.

ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

— Сондай-ақ, тәртіптік жаза қолдану саласында да бірқатар өзгеріс енгізілген. Тәртіптік жазаның түріне байланысты оның мерзімі айқындалады. Жалпы, барлық болып жатқан өзгерістер мемлекеттік аппараттың тиімділігін және мемлекеттік қызметке деген сенімділігін арттырады.

Айта кету керек, жоғары оқу орнын кем дегенде 3,33 GPA-мен бітірген жастар мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады. Жыл басынан бері 10-ға жуық жас маман аудандарда қызметке тағайындалған.

 

Аружан Сұлтанова