Петропавлдағы “Береке” спорт кешенінде ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің қызметкерлері арасында волейболдан чемпионат өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген тәртіп сақшылары 2 күннің ішінде кіл мықтыны анықтайтын болады.
ЗАРИНА БАЙХАДАМОВА, СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы:
— Жалпы, турнирға 14 команда қатысып жатыр. Әрбір команда өзге өңірлердің департамент өкілдері болып табылады.
Сайысқа сонау шырайлы Шым қаладан келіп отырған тәртіп сақшылары да бар. 10 адамнан тұратын команда сайысқа сақадай сай. Еркебұлан Арыстановтың сөзінше, олар чемпионатқа 1 ай дайындалған:
ЕРКЕБҰЛАН АРЫСТАНОВ, Тұран АПҚБ инспекторы, Шымкент қаласы:
— Біз Шымкент және Түркістан атынан келіп отырмыз. Жігіттердің барлығы жақсы дайындалған.
Турнирге БҚО ҚАЖД-ның қызметкерлері де келіп отыр. Олардың қатарында Ерхан Азизов та бар. Оның жалпы еңбек өтілі 9 жылды құрайды. Аға инспектор мектеп кезінен спортқа жаны құмар.
ЕРХАН АЗИЗОВ, БҚО бойынша ҚАЖД аға инспекторы, Орал қаласы:
— БҚО-да өзіміз өңірлік турнир ұйымдастырдық. Волейболға жақсы икемі бар деген қызметкерлерді алдық.
Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Астана қаласында өтетін ІІМ-нің ведомстворалық чемпионатында бақ сынайды.

