БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
— 2026-шы жылдың 1-ші шілдесі. Бұл күн Тәуелсіз Қазақстан тарихында мәңгі қалады. Бүгін Қазақстан Республикасының жаң Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Бұл – біздің, Тәуелсіз Қазақстанның үшінші құжаты. Бұған дейінгі Ата заңымыз 1993, 1995 жылдары қабылданды. Ал бүгінгі Конституцияның мәні, маңызы аса зор.
Мән-маңызы аса жоғары деуге себеп – бұл жолғы құжатты халықтың қабылдауы. Жаңа Конституция – ауқымды өзгерістер мен толықтырулардың қосындысы, қазақстандықтардың мызғымас бірлігінің айқын көрінісі. Ресми түрде күшіне енген Ата заңымыз 96 баптан тұрады. Әрқайсысы тұшымды ойымен төбе көрсетіп жүрген жандармен жіті сараланды. Барлығы халыққа жақын. Мысалы, 37-бапта былай жазылған:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.
2. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.
3. Адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
Табиғатты сақтау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау – аса маңызды дүние. Бұл бапты ауыл шаруашылығы саласының ардагері Мейрам Тұрғынов қойын дәптеріне түртіп алған. Ел ағасы мұндай жаңашылдыққа дән риза.
МЕЙРАМ ТҰРҒЫНОВ, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:
— Ауыл шаруашылығы саласында 40 жыл еңбек еттім. Міндетіміз – табиғатты қорғау, жақсы өнім алу. Көп көңіл бөлінсе деймін.
Достық үйінде өткен жиында білім саласының өкілдері, заңгерлер мен белсенді жастар да сөз сөйледі. Олар айшықты Ата заңымыздың қоғамдағы рөлін, өздерінің салаларына қатысты құқықтар мен міндеттерді жіпке тізді.
Байболат Құлтанов

