Konstitutsia banner mobile

Қоғам

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормалар

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді” дегені бар. Бұл мақалдың астарында үлкен мән-мағына жатыр. Егер қоғамда тәртіп пен бақылау бәсеңдесе, түрлі бұзушылықтар көбейеді. Айтылғанның тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына тікелей қатысы бар. Сол үшін арнайы нормалардан тұратын кодекс әзірленген. Құжаттағы түзетулер Өңірлік коммуникалар қызметінің баспасөз алаңында жіпке тізілді.

ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

— Көрiнеу жалған жарнама» 157-бапқа сәйкес, жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты тұтынушыны жаңылыстыратын ақпаратты пайдалануы жеке тұлғаларға – 100, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 350, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 500, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1000 айлық есептiк көрсеткiш (әрі қарай – АЕК) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Өңірде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстарға Ғалымжан Ілиясов басқаратын департамент жауапты. Тілшелермен тілдесу барысында басшы “екі жеп, биге шығуды” көздейтіндердің өзге де бұзушылықтарын, оларға қатысты жазалар жайлы да айтты.

ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

— Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Заңды білгенің – құқығыңды қорғағаның! Әр адам тұтынушы болады. Сан соғып қалмас үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекті қолға алып, оқып, қажетті тұстарды ойға тоқып алған артық етпейді.

Байболат Құлтанов