Алдағы айдың алғашқы жұлдызында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңы күшіне енеді. Бұл – сиясы әлі кеуіп үлгермеген су жаңа құжат. Оның басты мақсаты – халыққа мемлекеттік қызметтерді жеңіл әрі ыңғайлы ету. Мысалы, бұрын азамат жазған өтінішінде орфографиялық қате жіберсе немесе құжат жинау барысында бір қағазды алуды ұмытып кетсе, мамандар қызмет көрсетуден бас тартты. Ал енді қызметкерлер бірден “жоқ” демейді. Керісінше қателерді түзетуге уақыт береді. Бұдан бөлек. жаңа заң мемлекеттік қызмет түрлерін автоматтандыруға да бағытталған.
БОЛАТ ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы:
— Көрсетілген қызметті бірлесіп берушінің жауапкершілігі және Мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық форматына талап күшейтілді.