Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау енгізіледі. Мұндай жаңашылдық Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес жарияланып отыр. Құжаттың нендей пайдасы бар? Бұл сұраққа сала маманы жауап берді.
АСХАТ ЖОЛМҰҚАНОВ, СҚО бойынша МКД басқарма басшысы:
— ДЭТ енгізудің негізгі мақсаты – электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау процестерін жеңілдету және автоматтандыру, кедендік операцияларды орындау уақытын қысқарту, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
«Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» функционалы «Кеден» ақпараттық жүйесінде орналасқан. Оны қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.
АСХАТ ЖОЛМҰҚАНОВ, СҚО бойынша МКД басқарма басшысы:
— Жаңа тетікті енгізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға, электрондық сауда операторларына, логистикалық және курьерлік компанияларға қағаз құжат айналымын барынша азайта отырып, тауарларды кедендік ресімдеуді электрондық форматта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, декларациялау электрондық сауданың дамуына қолайлы жағдай жасауға, халықаралық пошта жөнелтілімдері мен экспресс-жүктерді өңдеуді жеделдетуге, сондай-ақ бизнес пен кеден органдары арасындағы өзара іс-қимыл сапасын арттыруға ықпал етеді.