Өрге жүзуді көздейтін теріскейліктерді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы білім алуға шақырады. Құжат ағымдағы жылдың алғашқы сәуірінен қабылданып жатыр. Бұл жайлы тілшілермен кездескен өңірлік филиалдың директоры Лаура Қайыржанова айтты.
ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры:
– Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау басталды. Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Құжат тапсыру 1-ші маусымға дейін жалғасады.
Биыл талай адамды білікті мемлекеттік қызметші, тұлға ретінде қалыптастырған академия 16 білім беру бағдарламасы бойынша қабылдайды. Оның 11-і – магистратура, ал 5-еуі – докторантура. Ағымдағы жылы тізім толыққан.
ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры:
– Биыл жаңадан «ЕМВА – ІСКЕРЛІК-ӘКІМШІЛЕНДІРУ», «MDAAIPS – МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ», «DDPA – ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ», «DDPAm – ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ» бағдарламалары енгізілді.
Іріктеу қалай өтеді? Нендей құжаттарды тапсыру керек? Брифингте Лаура Қайыржанова осы сынды сұрақтарға да жауап берді. Қосымша ақпарат алу үшін үміткерлерді облыстық мәслихатта орналасқан филиалға жүгінуге шақырды.
Байболат Култанов