Қоғам

СҚО-да биыл 73 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылған

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің мамандары ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына қорытынды жасады. Биыл өңірде 73 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылған. Жауапкершілік жүгін арқалаған мамандар бейінді департаментке түйткілдер жайлы “Е-өтініш” порталы арқылы жеткізіпті. Анықталған бұзушылықтар бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жарияланды.

ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

— Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген жұмыс уақыты режимінің сақталмауына байланысты. Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қызметкерлерге өтемақы төленді

Департамент өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыс атқаруда. Осы бағытта қала мен аудандарда 44 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2 мыңға жуық бұзушылық анықталып отыр.

БОЛАТ ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы:

— Мемлекеттік орган өкілдері көбінесі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзған. Сонымен қатар, мерзімдерді бұзу және құжатсыз көмек көрсету фактілері тіркелген.

Тексеріс жұмыстары барысында жауапты мамандарға ескерту беріліп, бұзушылықтарды тез арада жоюға міндеттелді.

Нұрасыл Ахмет