Қоғам

Болашақ медицина саласы қызметкерлеріне Ата заң жайлы айтылды

Халық қабылдаған Ата заң әр адамға түсінікті болуы қажет. Бұл ретте жалынды жастар ұмыт қалмағаны жөн. Осыған орай Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде ақпараттық кездесу өтті. Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Сәлімхан Сәбитов болашақ медицина саласы қызметкерлерімен қауышып, бекітілген саяси маңызды құжаттың негізгі тұстарына тоқталды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

— Жастарға депутат ретінде осындай шаралардың маңызды екенін айтудамын. Олардың дауысы әрдайым маңызды. “Заң мен тәртіп” қағидаты турасында әңгіме қозғаймын.

Қоғамда қашан да заң мән тәртіп үстемдік құруы керек. Біреудің жағасынан ұстайтын кез емес. Сәлімхан Сәбитов бұзушылықтарға Ата заңда көзделген жазаларды жіпке тізді. Бұлар студенттердің көңілінен шықты.

ДАРЫН ӨМІРБЕКОВ, Ж.Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенті:

— Референдумға қатыспасам да Ата заңмен таныстым. Өзіме ұнады.

Кездесу соңына таман студенттер белсенділік танытты. Олар арнайы шақырылған құрметті қонақтарға Ата заңдағы өзгерістерге қатысты сауалдарын қойды.

Байболат Құлтанов