Теміржолдың бойында сауысқандай сақ бол деп бекер айтылмайды. Алайда, бойдағы жайбасарлық бірталай жанды мүгедек етті немесе өмірмен қоштасқызды. Биыл өңірде теміржол бойында бір қайғылы оқиға орын алды. Асаново ауылының 65 жастағы тұрғынын пойыз қағып өткен.
ЖАЙЛАУ БЕКМЫРЗА, Петропавл станциясындағы ЖПБ бастығының бірінші орынбасары:
– 14 сәуір күні “Петропавл-Тоқшын” аралығында пойыз 59-шы жылғы азаматшаны қағып кетті. Ауыр соққыдан нәзікжанды көз жұмды. Асаново ауылының тұрғыны теміржолды белгіленбеген жерден кеспек болған.
Өңірде қайғылы оқиғалардың алдын алу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, мамандар 500 рейдтік шара өткізген. Нәтижесінде Петропавл станциясының желілік полиция бөлімінің өкілдері 1300-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықтапты. Сандарға сүйенсек, теміржолдың бойында мас күйдегі адамдар көп жүретін болған.
ЖАЙЛАУ БЕКМЫРЗА, Петропавл станциясындағы ЖПБ бастығының бірінші орынбасары:
– 290 тұлғаға 9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Біздің мамандар теміржол маңындағы тыныштықты сақтау үшін күні-түні қызмет атқаруда.
Теміржол аумағындағы тәртіпті көп адам біле бермейді. Сол үшін желілік полиция бөлімінің мамандары жолаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Олар халықты рельстердің маңына бармауға шақырады. Жолдың қарама-қарсы бетіне өткелдер арқылы жеткен дұрыс.