Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады. Заңда бірнеше жаңашылдық жазылған. Қазақстанда мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту көзделіп отыр. БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Мемлекеттік тілдегі теле, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді. Отандық теле, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту көзделіп отыр. Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді. Сондай-ақ, қолданыстағы ұлттық заңнамада кездесетін «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстыру жайы атап өтілді.
Байболат Құлтанов