Мәдениет

А.Пушкиннің дүниеге келгеніне – 225 жыл

6 маусым – атақты Александр Пушкиннің туған күні. Бүгін азулы ақынның өмір есігін ашқанына 225 жыл толып отыр. Осыған байланысты С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпақ ақынды біледі, өлеңдерін оқиды. Бірінші қалалық IT-лицей қабырғасында құрылған “Глагол” мектеп театры тұлғаның туындыларына сүйене отырып, бірнеше қойылым әзірлепті.

РИНАТ ИСМАИЛОВ, “Глагол” мектеп театрының режиссері:

– Біз бұл іс-шараға “Пиковая дама, “Руслан и Людмила” және “Евгений Онегин” қойылымдарын дайындап әкелдік. Негізі, бұдан да көп спектакль қойғымыз келген. Бірақ, 9-11 сынып оқушалырында бүгін емтихан өтіп жатыр. Театрда қызмет етіп келе жатқаныма 30 жыл болды. Осы күнге дейін талай талантты жастың томағасын сыпырдым.

Пушкин десе Абай еске түсері айдан анық. Қазақтың бағына біткен бас ақын орыстың майталманын аударды. Жастар сахналаған шығармаларды бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Оқушылардан құрылған ұжымға “Халықтық театр” атағы берілді.

САНДУҒАШ ЖОЛАМАНОВА, облыстық халық шығармашылығы мәдени-бос уақыт қызметі орталығы басшысының орынбасары:

– Жалпы, халықтық деген атау облысымыздағы 88 ұйымға берілген. Биыл тағы 9 ұйымға беруді жоспарлап отырмыз.

Айта кету қажет, қаламызда Александр Пушкиннің туған күні осымен 26-шы мәрте аталып өтілуде.