Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде басталған егіс жұмыстары туралы хабарлады

Атап айтқанда, дәнді, көкөніс, жемшөп, майлы дақылдар, картоп, қант қызылшасы және мақта дақылдары өндірілді. Бұл ретте, ведомствоның хабарлауынша, жаппай егіс науқаны ағымдағы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

“Жалпы, су тасқыны көктемгі науқанды оңтайлы мерзімде өткізуге теріс әсер етпейді. Су тасқыны жағдайын реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Өңірлердің егіс науқанын ұйымдастыруға қатысты көтерген барлық мәселелері Министрліктің жедел штабының отырыстарында қаралады. Қабылданған шаралар егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде үзіліссіз жүргізуге мүмкіндік береді”, – делінген жауапта.