Қоғам

Жаңа жол ережелері бүгін күшіне енді

Жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енді. Әсіресе, «үзіксіз тұтас бір сызықты» кесіп өтуге байланысты жауапкершілік өзгерді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Аталған бұйрықпен жол жүрісі қағидаларының келесі мәселелерді көздейтін бірқатар түзетулер енгізілді. «Үзіксіз тұтас бір сызықты» кесіп өту үшін жауапкершілік өзгерді. Енді жалпақ үздіксіз тұтас бір сызықты жол таңбасымен бөлінген және «басып озуға тыйым салынады белгісімен» білгіленген екі жолағы бар екі жақты жолға шығу қарсы қозғалыс бөлігіне шығу болып есептеледі.

Елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын 50 километр сағатына дейін төмендету көзделген. Автобус санатындағы көліктер барлық көліктерге арналған маршруттық жолақмен жүре алады. Сондай-ақ, көлікке жапсырылатын «Электромобиль», «Газ баллонмен жабдықталған» деген жаңа танымдық белгілер енгізілді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– «Бұрын мүгедектігі бар адам» деген танымдық белгісін көлік құралына тек 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адам орналастыра алатын болса, енді мұндай белгіні тірек-қимыл аппараты бұзылған 3-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар да пайдалана алады.

 

Мәдина Қаби