Балалар

Тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары лагерьге аттанды

Тасқыннан зардап шеккен отбасы балалары лагерьде тынығып, көңілді сейілтіп қайтады. Әртүрлі жастағы 46 жеткіншек мамырдың 8-і мен 25-і аралығында “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында уақыттарын көңілді өткізбек. Бұлар – облыс орталығының, Есіл және Қызылжар ауданының ұл-қыздары. Сонымен қатар, шалақындық 37 бала демалу үшін Алматы облысындағы Қонаев қаласына аттанды. Кішкентай жерлестеріміздің барлығы бүгін кешкілік “Петропавл-Алматы” пойызына отырды.

ЗӘМЗӘГҮЛ ТҰРЛЫБАЕВА, СҚО білім басқармасының бас маманы:

– “Балдаурен” лагері – өте танымал және өзінің бағдарламасымен балаларды қызықтыратын орталықтың бірі. Бүгін бара жатқан балалар – су тасқынынан зардап шеккен жандардың балалары. Бағдарлама бойынша түске дейін олардың сабақтары бар. Әдеттегідей сабақтарынан қалмай, білім алады. Түстен кейін іс-шаралар өтеді.

ТОЛҒАНАЙ ТҰРСЫНБАЙ, оқушы, Қызылжар ауданы:

– Осы “Балдауренге” бірінші рет барғалы отырмын. Менің ойымша бәрі жақсы болады.

 

Мәдина Қаби