Қоғам

Қызмет барысында қаза тапқан полицейдің құрметіне ерлік бұрышы ашылды

Жамбыл ауданында Қызмет барысында қаза тапқан полицейдің құрметіне ерлік бұрышы ашылды. Ерлік бұрышы И.П. Шухов атындағы мектеп-гимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындық сыныбында орналасқан. Сергей Васильченко жол-патрульдік қызметте жұмыс істеген.
24 жастағы ер азаматты 95-ші жылы жол ережесін бұзған адам өлтіріп кеткен. Қызметтік автокөліктен сол күні толтырылған әкімшілік хаттамаларды да қолды қылған. Ерлік бұрышында марқұмның фотосуреті мен қызметтік куәлігінен бөлек, 93-ші жылы милицияға қызметке орналасу үшін жазған өтініші де қойылған. Оған дейін Сергей балалар мен жасөспірімдер клубында еркін күрестен жаттықтырушы болған екен. Бала кезінен әкесінің жолын қуып милиция қатарында қызмет атқаруды армандаған.