Білім

Биыл облыста ҰБТ кешірек басталады

Биыл солтүстікқазақстандық түлектер үшін ҰБТ жоспарланған мерзімнен кеш басталады. Су тасқынына байланысты өтініш қабылдау мерзімі – 6 күнге, яғни 20-шы мамырға дейін ұзартылды. Ал өзге өңірлер үшін бұл науқан 14-ші мамырда аяқталмақ. Тиісті өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы app.testcenter.kz жеке кабинетте қабылданады. Мамырдың 6-сы мен 13-і аралығында – бірінші мүмкіндікті, 14-і мен 20-сы аралығында екінші мүмкіндікті пайдалануға өтініш қабылданады. Айта кеткен жөн, биыл облыста барлығы – 3 мыңға жуық бала мектеп бітіреді.

МАРИЯ ИСМАГАМБЕТОВА, облыстық білім басқармасының бас маманы:

– Талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. «Оқу сауаты» мен «Математикалық сауат» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Сондай-ақ, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Осылайша, ҰБТ-дағы тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады. Ал жалпы саны – 120. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.