Денсаулық сақтау

Тайыншаға алматылық дәрігерлер келді

Бүгін Тайынша ауданындағы Рощинское мен Макашевка ауылдарына жылжымалы медициналық кешен келді. Кешен құрамында Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің дәрігерлері бар. Мамандар өткен дүйсенбіде қалада болса, осы бір апта көлемінде су басқан ауылдардың тұрғындарын қабылдауда. Аталған университеттің бастамасымен бейінді министрліктің келісімімен дәрігерлердің мобильді тобы құрылған болатын. Оған хирург, онколог, окулист, терапевт, рентгенолог пен узи-маманы кіреді.

МАҚСАТ ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасының директоры:

– Алматылық дәрігерлерге қаралғысы келген тұрғындардың қатары қалың. Әр бөлменің қасында – ұзын-сонар кезек. Әріптестеріміз уақыттарының тығыздығына байланысты қос ауылдың азаматтарын бір күнде қабылдайды. Кейін Ақмола облысына жолға шығады. Келесі аптада біз өзіміз осындай топ құрып, аудандағы су басқан ауыл тұрғындарын қабылдайтын боламыз.