ТКШ

Халтурин көшесіндегі жылу құбыры жөнделіп жатыр

Халтурин көшесіндегі жылу желісінің 100 метрге жуық аралығы толығымен ауыстырылады. Өйткені, құбыр тозған.
Мұнда «Петропавл жылу желілері» серіктестігінің мамандары кешелі бері қызу жұмыс істеп жатыр. Іске 6 адам мен арнайы техника тартылған.

ДЕНИС ЩЕРБИНИН, «Петропавл жылу желілері» ЖШС шебері:

– “Кобра” деп аталатын 2 техника қолданып жатырмыз. Құбыр орнын ағын судан құрғату үшін қосымша күш тартылады. Бүкіл жұмыс сейсенбі күні кешке аяқталады. Кейін Украинская көшесіне ауысамыз. Онда да құбыр ауыстырамыз. Жалпы, мына салынып жатқан жаңа құбырлар кемінде 10 жылға шыдас беруі тиіс.

 

Гүлден Сембаева