Қоғам

Гуманитарлық көмек тарату жалғасуда

“Қарасай” стадионында орналасқан гуманитарлық көмек тарату орнында жұмыс бәсеңдеген емес. Келіп жатқан адам ағыны толастаған жоқ. Мұнда Ойқала ықшам ауданы мен 131-ші километр деп аталатын аумақ тұрғындарына көмек көрсетіліп жатыр.
Қосында қоғам белсенділері, волонтерлер, су тасқынынан зардап шеккен жандардың өздері де тер төгуде. Солардың бірі – Наталья Хан. Ол бұл жағдайды өз басынан кешіріп отыр. Гуманитарлық көмек тарату орнына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және сырт елдерден қолдау келіп жатыр. Бүгін бірнеше қорап шәй мен кофе жеткізілді.

НАТАЛЬЯ ХАН, ұйымдастырушы:

– Біз қиын кезде жағдайымызды түсініп, барынша қолдау-көмек көрсетіп жатқан адамдарға зор алғысымызды білдіреміз. Мына жерде де қаншама адам еңбектеніп жатыр. Ойқаланың өзінен 50 тұрғын келіп, көмектесуге дайын.