Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу туралы меморандум жасалды

Облыстық әкімдік пен “Қазақстан халқына” қоры арасында су тасқынынан зардап шеккендерге «Солнечный-2» шағын ауданында 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды. Бұл жайлы аймақ басшысының Телеграм-арнасында жазылды. Айта кету керек, аталған ауданда қысқа мерзімде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі еліміз бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталатын болады. 24-ші сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.

 

Байболат Құлтанов