Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау сайты іске қосылды

Су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау сайты іске қосылды. Qoldau.gov.kz атауын алған порталда мемлекеттік және уәкілетті органдар атқарып жатқан шаралар мен оларды жүзеге асыру, көрсетілетін көмек туралы ақпарат жарияланады. Барлық дерек дер кезінде жаңартылып, тиімді форматта көрсетіледі.

ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

– Азаматтарды қолдау, бизнес өкілдерін қолдауды осы платформа арқылы кез келген азаматтың көріп отыруына мүмкіндік бар. Бұған қоса, әрбір азамат немесе ШОБ өкілі, соның ішінде ауыл шаруашылығы қожалығының өкілдері осы мобильді қосымшаға кіріп, тиімді пайдалану үшін өздерінің өтініштерін жүктей алады. Өтінішті цифрлық онлайн режимде қарауға толық мүмкіндік бар.

 

Байболат Құлтанов