МТРА жаңалықтары

СҚО-да тасқынынан 100-ге жуық кәсіпорын зардап шеккен

Облыста топан судан 95 бизнес субъектісіне залал келген. Оның 70-і Петропавл қаласында орналасса, қалғаны – Қызылжар ауданында. “Қазіргі жағдайда бұл тізім күн сайын өсіп барады дейді”,- кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев. Шығынға ұшыраған субъектілердің басым бөлігін сауда саласы құрайды. Бұл – азық-түлік және тұрмыстық заттар дүкені, көтерме сауда орындары.

ЖЕҢІС ҚАЗИЕВ, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Бұдан өзге жиһаз, битум, металл конструкциялар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық тамақтану саласының өкілдері, техникалық қызмет көрсету орталықтары, мәдени-ойын-сауық орындары да бар. Келтірілген шығынды әлі анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі, кей аумақтан су әлі кеткен жоқ.

Келесі айдың басында “2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу ережелері” ресми түрде қолданыла бастайды. Осы орайда өңірде өтемақы сомасын есептеп, анықтайтын комиссия құрылуда. Жұмыс табиғи апаттың беті қайтқаннан кейін жүргізіледі.

ЖЕҢІС ҚАЗИЕВ, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Тасқын судан шығынға ұшыраған кәсіпорындардың бірі – “№1 Инкубаторий” серіктестігі. Кәсіпорын Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылында орналасқан. Кәсіпорынды 12-ші сәуірде қызыл су басқан. Ол кезде ішінде 3 мың бройлер тауығы мен 200 мыңға жуық жұмыртқа болды. Мұның өзі иесіне 38 млн теңгеден астам шығын әкеліп отыр. Ал серіктестіктің барлық материалдық-техникалық базасын қоса есептесек, жалпы шығын көлемі 300 млн теңгеден асады.

Қазіргі таңда өңір аудандарының әкімдіктері су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің тізімдерін жасауда.

 

Ақжүніс Мұқатай