Құқық қорғау органдары

Еріктілерге жала жапқан ер адамға айыппұл салынды

Жалған ақпарат жазған адам анықталды. Петропавлдық тұрғын гуманитарлық жүк түсіріп жатқан волонтерлерді тонап жатыр деп видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген. Полиция қызметкерлері дереу тексеріс жүргізеді. Ұрлық фактісі анықталған жоқ. Жастарға жала жапқан ер адам анықталды. Ол 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Видео әлеуметтік желіден өшірілді. Іс сотта қаралып, аңдамай сөйлеген ер адамға 74 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.