Құқық қорғау органдары

Скутерді мас күйінде жүргізген ер адам қамауға алынды

Тайынша ауданында мас скутер жүргізушісі ұсталды. 31 жастағы ер адамның көлік басқару құқығы да болмаған. Бұл жайт аудан орталығында анықталды. Әкімшілік материал жиналып, мас жігіт 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, тағы да Тайынша қаласында скутер жүргізген 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Өйткені, аталған көлік құралын 16 жастан бастап қана жүргізуге болады.

 

Мәдина Қаби