Экология

Полицейлер су тасыған аумақта балық аулау ережесін бұзған 12 адамды анықтады

Су қоймалары тасыған кезде онымен бірге ішіндегі балықтар да жан-жаққа жайылды. Таяз жерінде тұралап қалғандары қармақ ұстағандарды қызықтырмай қоймайтыны белгілі. Су жануарларының уылдырық шашуына байланысты сәуірдің ортасынан маусымның алғашқы жұлдызына дейінгі аралықта балық аулауға тыйым салынған. Айыртау ауданында жүргізілген рейдтік шара барысында балық аулау ережесін бұзған 12 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЕРКЕМ ҒАЛИУЛЛИНА, СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:

– Маусымның 1-іне дейін Есіл өзені мен оның салаларында балық аулауға тыйым салынады. Науқан басталғалы облыс бойынша 40 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, балық ресурсын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіру фактісі бойынш ҚР ӘҚБтК 335-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

Ақжүніс Мұқатай