Қоғам

Облыстық мәслихат депутатары тасқыннан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуде

The YouTube ID of 00X5lc-eMX0о is invalid.

Облыстық мәслихат депутаттары айтып келмейтін апаттан зардап шеккен адамдарға көмектесуде. Бүгін олар гуманитарлық-техникалық колледж жатақханасына қоныстанған жандарға керек заттарды таратты. Балалар да назарсыз қалмады. Жеткіншектерге әкелген тосын сыйлар баршылық.

Тұрғындардың сөзінше, бұл жерде барлық жағдай жасалған. 3 мезгіл тамақ беріледі. Асты күн сайын санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет мамандары тексереді. Осы күнге дейін зардап шегушілерді қаламыздың жанашыр азаматтары қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз еткен.

ГАЛИНА МИШАКОВА, Ойқала ауданының тұрғыны:

– Бар қиыншылыққа төзуге болады. Менің үйім толығымен суға кетті. Бірақ, өмір бұнымен тоқтап қалмайды ғой. Барлық зардап шеккен жандарды төзімді болуға шақырамын. Барлығы жақсы болады.

Халық қалаулысы Галина Семенованың сөзінше, еріктілер қоғамдық қорға жиналған бар затты қиыншылық көрген әр жанға таратып беруде. Оның ішінде ұсақ-түйектен ірі заттарға дейін бар.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, облыстық мәслихат депутаты:

– Бүгін барлық 39 тұрғынды төсек-орынмен қамтамасыз етеміз. Осы уақытқа дейін сіздер сияқты адамдар орналасқан орындарды аралап шықтым. Қиын-қыстау шақта тұрғындарға қолдан келгенше жәрдем беруге тырысамыз.

Гуманитарлық-техникалық колледж жатақханасында негізінен Ойқала мен Хромзауыт кентерінің тұрғындары тұрып жатыр. Осындағы 40-қа жуық адамның 5-еуі – бала.