Қоғам

Құрғаған үйлерде дезинфекциялау шаралары жүргізілуде

Тайынша ауданында судан босаған үйлерде дезинфекциялау шаралары бастау алды. Мамандар баспананың ішін ғана емес, ауланы да тазалап жатыр. Аталған жұмыс ауданда 5 ауылды қамтып отыр. Атап айтсақ, Красная поляна, Макашевка мен Черниговка, Қантемір және Алабота ауылдары.

АНАР ШӘРІПОВА, Тайынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы:

– Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары атқарылған жұмыстың сапасын тексереді. Елді мекендегі эпидемиологиялық ахуал – бақылауда. Күн сайын тексереміз. Осы ретте, әзірге, ауданда жағдай тұрақты. Су тасқыны кезінде қандай да бір дерттің көбеюі байқалған жоқ.

 

Гүлден Сембаева