ТЖ

Энергетиктер тасқынның зардабымен әлі күресіп жатыр

Теріскейлік энергетиктер тасқынның зардабымен әлі күресіп жатыр. Қазіргі таңда су кірген кейбір үйлерде жарық жоқ. Баспаналарына қайтқан тұрғындар «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ хабарласып, өтініш білдіруде. Компанияның хабарлауынша, әр қоңырау назарға алынады.

«Біздің төтенше жағдайларды жою бригадалары мүмкіндігінше тезірек электр қуатын қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Облыстың кейбір аудандарда әлі су тұр. Кейде құрал-жабдықтарға жету мүмкін емес. Біразы тасқынның астында қалды. Өздеріңіз білетіндей, ылғал мен электр қуаты – бір-бірімен ұштаспайтын түсініктер. Бүгінде аймақта бағаналардың құрылысы жүргізілуде. Шал ақын, Қызылжар аудандарында тұрғызылды. Қалада және кейбір ауылдарда әлі дизельдік генераторлар жұмыс істеп тұр».

 

Байболат Құлтанов