Қоғам

Тайынша ауданында 22 адам біржолғы төлем алды

Тайынша ауданында су тасқыны кезінде 22 адам эвакуацияланды. Оның 3-еуі – бала. Жуырда судан зардап шеккен отбасылар
мемлекеттен берілетін бірреттік төлемақы алу үшін өтініш жазған.

АЙНАГҮЛ ЖӘКЕНОВА, Тайынша ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

– Бізге жүгінген барлық азаматтың өтініштері қаралып, әр отбасыға 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем берілді. 22 отбасыға бағытталған қаражат көлемі 8 млн теңгеден асады.

Лейла Баратова – Тайынша қаласының тұрғыны. Ол – қарғын судан зардап шеккендердің бірі. Айтуынша, біржолғы төлем рәсімдеу процесі тез өткен. Қолына түскен ақшаны да көп күтпеген.

ЛЕЙЛА БАРАТОВА, Тайынша қаласының тұрғыны:

– Үйімізді түгел су басты. Көшкен кезде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері келіп көмектесті. Содан кейін бірден біржолғы төлемді алуға өтініш бердік. Уәде етілген қаражат бірден төленді.

Тайыншалық мамандар тұрғындарға әлеуметтік төлем алу үшін жұмыспен қамту бөліміне үйін су басқандығы туралы анықтаманы әкелсе болғаны дейді. Нәтижесі 8 күнде белгілі болады.

 

Мәдина Қаби