Қоғам

Тасқыннан зардап шеккен қызметкерлеріне көмек берген компания

Кең болсаң, кем болмайсың! «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы тасқыннан зардап шеккен қызметкерлеріне киім-кешек, төсек-орын мен азық-түлік берді. Тілек білдіргендер компанияның жатақханаларына орналастырылды. Сонымен қатар, қосымша қолдау ретінде мамандарға екі апталық ақылы әлеуметтік демалыс ұсынылды. Ұйым басшылығы әріптестеріне қаржылай да көмек көрсетті.

Үйлерін су басқан адамдарға мемлекеттен 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде біржолғы төлем беріледі. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мұндай 57 адам бар. Біз мәселенің аса күрделі екенін ескеріп, өз шотымыздан осынша көлемде қаржы бөлдік. Ал өздері эвакуацияланған, бірақ үйлері бүлінбеген қызметкерлерге 30 АЕК көлемінде көмек көрсетілді. Бұл – 110 760 теңге. Сондай-ақ, компания басшылығы зардап шеккен энергетиктерге барлық салада құқықтық қолдау көрсетті. Компания қызметкерлеріне аумақтарды тазарту ісінде де көмектесуге дайын.

 

Байболат Құлтанов